Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Танымал кәсіпкердің ұлы бостандыққа жіберілді»: 18 жасар бойжеткеннің қазасына қатысты ел күтпеген шешім шықты

10:27, 07 қазан 2026

Ақтөбеде 18 жастағы бойжеткеннің өліміне әкеп соқтырған қайғылы жол апаты бойынша сот үкімі шығып, айыпты деп танылған өңірдегі танымал кәсіпкердің ұлы сот залынан бостандыққа жіберілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Хромтау аудандық сотының шешімімен Айым Жеңісованың қазасына себепкер болған рөлдегі жүргізуші Бекнұр Нұрланов ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Жол жүрісі қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған бұзушылық») бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кескенімен, бұл мерзім толық өтелген болып есептеліп, ол дереу босатылды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 27 маусымда Ақтөбе – Хромтау тасжолында орын алған еді. Б. Нұрланов тиісті ережелерді бұзып, көлік аударылған, ал ауыр жарақат алған 18 жасар Айым ауруханада көз жұмған болатын.

Іс басынан-ақ марқұмның жақындары күдіктінің отбасы өңірдегі беделді кәсіпкерлер болғандықтан, тергеудің бейтарап өтетініне күмән келтіріп, дабыл қаққан еді:

«Біз әділ, ашық әрі объективті тергеуді талап етеміз. Бұл қайғылы оқиғаның ұмыт қалуына немесе тергеудің қоғам назарынан тыс өтуіне жол бермейміз. Бекнұр Нұрболов Нұрлановтың ата-анасы медиа тұлғалар, қаламыздың танымал кәсіпкерлері болғандықтан, қауіптенеміз».

Ал сотталушының адвокаты Нұрсұлу Дәулетаева бұл айыптаулармен келіспей, айыпталушының ата-анасы тарапынан тергеу барысына ешқандай қысым мен ықпал болмағанын алға тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар