Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы өнер иесінің туған өлкесі Оралда тиісті деңгейде бағаланбай жүргеніне өкініш білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Ал құрметтесе, ажыраспай тұрып-ақ көрсетпей ме сол құрметтерін?» — деп жазба қалдырды Айман Талғатқызы желі қолданушыларының «ажырасқаннан кейін туған жері ұнатпай қалған шығар» деген жорамалдарына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ширек ғасырдан астам уақыт, яғни 26 жыл бойы сахна төрінде жүрген Тұрсынбек Қабатовқа елдің өзге өңірлерінде ерекше ықылас білдіріліп, иығына шапан жабылып, астына ат мінгізілген кездер аз болмаған.
Десе де, туған жері Оралда әзілкештің 20 немесе 25 жылдық шығармашылық мерейтойына арналып ешқандай арнайы концерт ұйымдастырылмағанын, тіпті қарапайым құттықтау қағазы да табысталмағанын айтып, өнер иесінің жұбайы ренішін жасырмады.