Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор Болат Назарбаевтың ұлына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

08:31, 02 маусым 2022 286
 



Антикор Orda.kz тілшісіне Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаевтың қызметінен кетті деген ақпаратты растап, оның не себепті кеткенін айтты.

Антикор Orda.kz редакциясының ресми сауалына жауап беріп, Ербол Назарбаевтың антикор қатарынан кеткенін және оның Болат Назарбаевтың ұлы екенін растады.

Бөлімнің ұсынған мәліметі бойынша, Ербол Назарбаевтың қызметтен кетуі қаңтар оқиғасына еш қатысы жоқ.
«14 сәуірден бастап Ербол Назарбаев Болатұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен өз еркімен кетті» делінген агенттік аппаратының басшысы Арман Хасеновтың жауабында.

Еске салсақ, Ербол Назарбаев антикорға 2015 жылы келіп, онда жеті жылдай жұмыс істеген.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар