Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тағдырдың ең үлкен сыйы! Теңдессіз сезімді жүрегімен сезінуді тілеймін»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

11:32, 07 қыркүйек 2026

Тележүргізуші Динара Сәтжан желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды  Alash.kz.

Динара Сәтжанның ұлы Даниал Айнұр есімді арумен шаңырақ көтеріп, отау құрды.  

Ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өткен тележүргізуші желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, ұлы мен келініне аналық ақ тілегін жеткізді.

Ол әр ана үшін баласының қуанышын көруден асқан бақыт жоқ екенін айтты.

“Балаларыңның бақытын көру - өмірдегі ең үлкен бақыттың бірі.

Ана болу - тағдырдың ең үлкен сыйы!

Әр анаға баласының бақытын көріп, осы бір теңдессіз сезімді жүрегімен сезінуді тілеймін.

Өйткені балаң бақытты болса - сенің де жүрегің бақытқа толы”,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар