Осы орайда атап өтсек, Алматы қаласы полиция қызметі басқармасының мәліметінше, өткен жылы қала жолдарында балалардың қатысуымен 822 жол-көлік оқиғасы орын алып, 9 бала қаза тапқан. Ал 900 дей балақан жарақат алған. Осыған алаңдаған жол сақшылары танымдық бейнероликті қолға алған көрінеді. Қазіргі таңда бұл шара ата аналар тарапынан да үлкен қолдауға ие болып отыр.
Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев «Алматы полициясы өз қызметінің профилактикалық құрамдас бөлігіне ерекше көңіл бөледі. Мына бастамасыз да балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығарылып отыр. Біздің алдын алу шараларымыз негізінен медиажобалар, әлеуметтік роликтер, сюжеттер, репортаждар арқылы ең өзекті тақырыптар бойынша бейнероликтер шығарады, олар кейіннен телеарналарда, әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Бұл өте нәтижелі, тиімді шара. «Бала және бағдаршам» жобасы да негізінен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр», – дейді.
Сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері балалар ғана емес ересектер де жолда қырағы болып, бағдаршамы жоқ жерден кесіп өтпеуге, әр ата ана өз балаларының қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады.