Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ертең Трамп пен Зеленский Ақ үйде маңызды келіссөз өткізетін болды

13:40, 27 шілде 2026

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбіде Ақ үйде АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сапар жайлы деректер Украина басшысының 25 шілдедегі әлеуметтік желідегі хабарламасынан соң тарады. Онда Зеленский елінің арнайы қызметтеріне соғыс жағдайында Мәскеуге Иран тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке қатысты деректерді Вашингтонмен бөлісуді тапсырғанын жеткізген еді.

Зеленскийдің АҚШ астанасына баруының тағы бір себебі – 28 шілдеде өзімен тығыз байланыста болған сенатор Линдси Грэмді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысу. Грэм шілде айының басында Украинаға арнайы барып қайтқан болатын.

Бұдан бөлек, 24 шілдеде Украина лидері америкалық тараппен Ресейге қатысты бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін білдірді. Журналист Лора Лумерге берген сұхбатында ол келіссөздер жүргізу үшін Овалды кабинетке де, Мар-а-Лаго резиденциясына да баруға әзірлігін, ал кездесу мекенжайын таңдау Трамптың шешіміне байланысты екенін атап өтті.

Өз кезегінде, шілде айының басында АҚШ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы 1,5 сағатқа жуық сөйлескен еді. Америка басшысы бұл диалогты «өте жақсы» деп бағалап, екі ел басшылары Украина мен Ирандағы ахуалды, сондай-ақ Мәскеу мен Вашингтонның кейінгі байланыстарын талқылаған болатын. Сондай-ақ, бұдан бұрын Трамп Путин мен Си Цзиньпиннің Иранға қару-жарақ жеткізілмейтіні туралы берген уәделеріне сенетінін айтқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар