Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кремль Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысына жауап берді

Кремль Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысына жауап берді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

Песковтың айтуынша,  Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «арнайы әскери операцияның» барысы туралы егжей-тегжейлі баяндаған.

Оның сөзінше, Киевтің қазіргі ұстанымына байланысты қақтығысты тоқтату әзірге мүмкін емес.

«Киевтің қазіргі ұстанымын ескерсек, қақтығысты уақытша тоқтата тұру мүмкін емес. Біз үшін ең басты шарт - алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізу», – деді Владимир Песков.

Сондай-ақ Песков Ресей Сыртқы істер министрлігі соғысты тоқтату шарттарын екі жыл бұрын жариялағанын еске салды.

«Бұл – түсінікті әрі дәйекті шарттар. Егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, мұның бәрі бүгін күн соңына дейін тоқтауы мүмкін», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар