Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірлесіп жұмыс істеуге дайын»: Президент Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрін құттықтады

12:49, 27 шілде 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар