Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әскери киіммен шығып кеткен»: Өскеменде сарбазға іздеу салынды (ФОТО)

10:26, 27 шілде 2026

Өскемендегі №27943 әскери бөліміндегі мерзімді әскери қызметші Айқын Марханға әскери полиция мен ішкі істер органдары іздеу салды, деп хабарлайды Alash.kz.

2004 жылы туған қатардағы жауынгер Айқын Ерланұлы Мархан тәуліктік наряд құрамында күндізгі кезекшілікте жүріп, белгілі бір уақытта қызмет орнын тастап кеткен. Әскери полиция өкілдері сарбаздың жанында ешқандай қару болмағанын хабарлады.

Бөлім аумағынан әскери киіммен шығып кеткен әскери қызметшінің кейін азаматтық киімге ауысып үлгеруі де мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары Қазақстан Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасы басшылығының жеке бақылауында жүргізіліп жатыр.

Іздеудегі сарбаздың бойы шамамен 177 сантиметр, салмағы 80 келі айналасында, дене бітімі орташа, көзі мен қысқа қиылған шашы қара түсті және бетінде меңдері бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар