Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ-на қарасты өндірістік алаңда тау-кен маманы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Аймақтық Еңбек инспекциясы департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, төтенше жағдай 2026 жылғы 24 шілде күні бұрғылау және жару операцияларын орындау барысында тіркелген.
«Алдын ала анықталған ақпаратқа сәйкес, бұрғылау-жару жұмыстарын атқару кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр дене жарақатын алып, алған жарақаттарынан көз жұмды», – деп хабарлады мемлекеттік еңбек инспекциясы.
Қазiргi сәтте арнайы құрылған инспекция комиссиясы аталған жайт бойынша кешенді тергеу амалдарын жүргізуде. Мәселенің мән-жайы мен орын алу себептері анықталып жатыр.
Айта кетерлігі, осыған ұқсас өндірістік апат жақында Рудныйдағы «ERG Service» кәсіпорнында да орын алған еді. Онда 19 маусым күні электрмен болат балқыту учаскесінде еңбек еткен жұмысшы мерт болған болатын.