Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қаламызға «Қайраттан» гөрі концерт маңызды екен…»: Уразбахтин өткір мәлімдеме жасады

11:45, 27 шілде 2026

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Алматыда рэпер Канье Уэстің концерті өтуіне байланысты Чемпиондар лигасының матчы Түркістанға ауыстырылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Алматылық ұжымның бапкері Қазақстан чемпионатында «Ордабасыны» жеңгеннен кейін еурокубок бәсекесінің басқа қалаға ауыстырылуы туралы айтып берді. Оның сөзінше, ойынды өткізу үшін Шымкент пен Астана қалалары да қарастырылған, алайда таңдау Түркістанға түскен.

«Еурокубок ойынының ауыстырылуына тоқталсақ, бізде Шымкент пен Астана нұсқалары болған, бірақ Түркістанды таңдадық. Таңдау мүмкіндігі шектеулі. Қала үшін «Қайратқа» қарағанда концерт әлдеқайда маңызды болып шықты. Жарайды, олай болса Түркістанда ойнаймыз», – деді команданың бас бапкері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар