Қазақстандағы әкімдер рейтингін жол сапасы бойынша анықтайтын болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Министрдің айтуынша, жол сапасына қатысты мыңнан аса нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып жатыр.
— Жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып жатыр. Өңірдегі жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау жөнінде әдістеме әзірленді, — деді ол.
Дереккөз