Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ағашқа асылып қалған”. Таразда 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласынан өлі табылды

14:44, 04 тамыз 2025 414

Таразда 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласындағы ағашқа асылып қалған жерінен табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірімнің мұндай қадамға баруына туған қарындасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Ол қарындасымен ұялы телефондағы ойын үшін ұрсысып, оны ұрып жіберген. Қарындасы анасына шағымданатынын айтып қорқытқан.

HALYQSTAN тілшісінің анықтауынша, марқұм Тараздағы №27 мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес. Анасы жұмыссыз, ал әкесі ажырасқан соң бөлек тұрады. Отбасында марқұмнан бөлек тағы үш кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатыр. Жасөспірім үйдің тұңғыш баласы болған.

Куәгерлердің айтуынша, біраз уақыттан кейін қыз бала ағасын үйдің ауласындағы ағашқа асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақырған.

Тағы бір нұсқа бойынша, жасөспірім өзіне қол жұмсағысы келмеген. Тек қарындасын қорқытпақшы болған. Алайда бәрі қайғылы аяқталған.

Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) бойынша қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар