Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адал бол, Отанды шынайы сүй". Нұрлан имам Трамппен бірге таңғы ас ішті

09:11, 08 ақпан 2025 357

Ел арасында Нұрлан имам атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонға сапарлады. Сапарында Ақ үйге соғып,  Трамппен бірге таңғы ас ішті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Нұрлан имам әлеуметтік желіде  жазба жариялап, АҚШ президенті Дональд Трамптың сөйлеген сөзін жазды.

Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық іс-шарада сөз сөйледі. Ең білерім "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол, ағайындар, - дейді имам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар