Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"90 пайызы аттестаттаудан өтпеген". Ақтөбе облысында білім сапасы өте төмен

15:14, 04 наурыз 2024 611

Қазақстан білімі сапасы ақсап тұр. Ал аймақтардағы жағдай қалай? Мәселен, биыл Ақтөбе облысында мектеп бітірушілердің тест және 4,9-сынып оқушыларының бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері төмен көрсеткіш көрсетіп отыр, деп хабарлайды alash.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеп.

Ақтөбе облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиеваның айтуынша, соңғы жылдары облыста тест тапсыратын 4,9,11-сынып оқушыларының білім көрсеткіштері мен жетістіктері едәуір төмендеген. Демек, өңірде білім сапасын арттыру керек. Бұл орайда педагогтер мектеп оқушыларын оқуға ынталандырып, олармен кері байланысты жандандыруға тиіс.

Биыл облыста жүргізілген мемлекеттік аттестаттау барысында бітіруші кластардың ішінде тестілеу тапсырған 3188 оқушының 77 пайызы «2» және «3» деген баға алып отыр. Былтыр мемлекеттік аттестаттауға түскен мектептер бойынша бұл көрсеткіш 83,3 пайыз болған. Сондай-ақ оқушылардың білім жетістіктері мониторингісіне тоқталсақ, 4-сыныптар арасындағы ББЖБ нәтижелері республикалық көрсеткіштен (16,87) едәуір төмендеп, 17-орынға (15,56 балл) түсті. Ал 9-сыныптар арасындағы ББЖБ нәтижесі облыстар арасында 12-орынды иеленіп отыр, - дейді ол.

Оның айтуынша, биыл аталған департамент өңірдегі 36 колледжге, 57 мектепке, 78 балабақшаға мемлекеттік аттестаттау жүргізген. Алайда олардың 90 пайызы (154 білім беру ұйымы) аттестаттаудан өтпеген.

Бұл мекемелердің қызметтері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмейтіндігін білдіреді. Жалпы, мемлекеттік аттестаттау барысында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында 1007 кемшілік анықталды, -  дейді Сәрсенғалиева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар