Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Turkistan” газетіне берген көлемді сұхбатында денсаулығы жайлы сұраққа жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Денсаулығым жақсы, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым”,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.