Естеріңізге сала кетсек, 9 жасар қыздың ішінен «жан шығарып» жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бейнежазбада екі ер адам жерде жатқан баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады.
Емші баланың ішіндегі «шайтанмен» сөйлескендей түр танытып, сұрақтар қойған. Қиналған бала жылап жауап беріп жатқанын көруге болады.
«Аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері алдын ала анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жай анықталуда», – деп жазды Динара Зәкиева.