Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

79 адамның жанын алған алапат өрттен бір үйдің түгел 14 адамы қаза тапқан

09:48, 23 қаңтар 2025 1871

Түркия курортындағы қонақүйден шыққан өртте бір әулеттің 14 адамы мерт болған, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зехра Сена Гюльтекин – Turkish Airlines компаниясының сату бөлімінде қызмет еткен. Ол күйеуі, үш баласы және тоғыз туысымен курортқа демалуға келген. Олар қысқы каникул кезінде демалыс уақытын өткізуге келген. Зехра өрт шыққан кезде анасына хабарласып, кешірім сұрап үлгерген. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысып, көзіне жас алды. Бұл туралы Hürriyet басылымы жазды. Ел басшысы сегіз отбасына көңіл айтқан. Жалпы, соңғы деректер бойынша, курорттағы қонақүйден шыққан өрттен 79 адам қайтыс болған. 

21 қаңтарға қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғы курортында алапат өрт шығып, ондаған адам қаза тапты. 

Бұған дейін елдің ішкі істер министрі Әли Ерликай өрт кезінде 51 адам зардап шеккенін, олардың жартысы ауыр жағдайда хабарлаған. Құрбандар саны кейін одан көп екені белгілі болды. Өрт Grand Kartal қонақүйінің 12-ші қабатынан жергілікті уақыт бойынша сағат 03:27-де шыққан. Кейбір деректер бойынша, қызыл жалын 11-ші қабаттан басталған. Қазір Түркияда жалпыұлттық екі апталық каникул басталды. Шаңғы маусымы қызған уақыт болғандықтан курорттағы қонақүйде 234 адам болған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар