Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

754 миллион теңге: Алматыда жол құрылысындағы заңбұзушылықтар анықталды

19:13, 10 маусым 2024 560

Алматы прокурорлары автомобиль жолдарын жөндеу барысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Alash.kz сайты Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижелері бойынша, құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды", - делінген хабарламада.

 
Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы Қалалық мобилділік басқармасына қадағалау актісі енгізілген, оны орындау үшін басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз еткені айтылды деп жазды Tengrinews.kz.

6 мамырда Жоғарғы Соттың қаулысы бойынша жеткізушілерден 754 миллион теңге өндірілгені белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар