Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

60 миллион теңгенің жол белгілері мен техникасын ұрлаған

05:01, 14 мамыр 2022 296
 



2021 жылы Қазақстан аумағындағы ірілі-ұсақты жолдардан 1056 желілік метр қисық темір торлар (қалқалар), 2000 метр торлы қоршаулар, 1270 қар қалқаны, 34 жол белгілері мен көрсеткіштері, 36 жол белгілерінің тірегі ұрланған. Мұның барлығы жалпы алғанда 60 миллион теңгеге жуықтады.

kolesa.kz порталы «Қазақавтодор» ЖШС қызметкерлерінің сөзіне сілтеме жасап, шаруа қожалықтарының  асханасынан ұрланған жол белгілерінің бірін тауып алғанын жазды. Оны қазанның қақпағы ретінде пайдаланған.

Жол жұмысшылары ауыл тұрғындары қоршаулардағы шағылдырғыштар мен күн батареяларынан қуат алатын және қауіпті жерлерде орнатылған жаңа шамдарды алып кетуді  ұнататынын атап өтті. Сонымен бірге осындай адамдар  жиі қызғылт сары жилет киіп, жұмысшылардың атын жамылып, барлығының көзінше жол белгілеріне  «қол сұғуды» әдетке айналдырған.

Өкінішіке қарай,  азаматтар осы жол белгілерін ұрлап, тұрмыста қолдануды әдетке айналдырған. Жол қалқандарының  бөліктерін  сатады, жолға арналған торларды  фермаларын  қоршау үшін пайдаланады, сарайларын  жол белгілерімен бекітеді. Тіпті километрлік бағандары бар белгілер кей үйлердің  нөмірлерін көрсетіп тұрады.

Зиянкестермен күресу қиын. Әр белгіге күзет қоя алмайсың ғой. Сондықтан да  «Қазақавтодор» қызметкерлері  бұндай жағдайда шарасыздыққа тап  болып  жатады. Жолшылардың құзыретінде еш амал жоқ болғандықтан, оларда  тек  ұрлық фактілері туралы хабарлауға және шақырылған азаматтардың санасына үміт арту ғана қалады.

2022 жылы «Қазақавтодор» ЖШС 473 500 шаршы метр жердегі  шұңқырларды жоюды жоспарлап отыр.  Екі ай ішінде тас жолдарда 9781 жол белгісі, 397 ақпараттық тақта  және 2222 километрлік белгі орнатылып, ауыстырылады. Сондай-ақ, биылғы жазда Қазақстандағы жолдарда 27 064 метр қоршау, 23 118 дана сигналдық бағана, 26 766 рефлектор және 290 буфер пайда болады. Жұмыс аясында 30 426 шақырым жолға 2733 шаршы метр шу жолақтары төселіп, таңбалау жұмыстары жүргізіліп, жаңартылады.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар