Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

6 баланы асырап алған емшінің бұрын адам өлтіргені белгілі болды

15:23, 18 маусым 2024 835

Шымкентте 6 баланы қамқорлығына алып, оларға ит пен мысықтың етін жегізіп ебден қорлаған емші сымақтың бұрын адам өлтіргені расталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты. 

Аталған құжаттардың ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген. 

Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген. 

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті "Ақпараттық қызмет" жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы "абайсызда адам өлтіру" бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрле емдеуге жіберілгені көрсетілген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар