Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

50 мың адам қол қойды: Уақыт белдеуі кері қайтарыла ма?

17:40, 07 маусым 2024 475

Қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция жариялап, елу мың дауыс жинады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Уақыт белдеуінің бірегейлігін жою туралы петицияны ePetition платформасында 22 сәуірде – Қазақстанның барлық аумағы UTC +5 уақытына көшкеннен кейін бір жарым ай өткен соң жарияланды. Уақыттың ауысуына байланысты адамдардың денсаулығында мәселе туындағанын және электр энергиясының шығыны артқанын көрсеткен.

«Өмірлік қажетті электр энергиясын тұтыну кезіндегі орташа чек 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 17 000 теңгені құрады. Егер болашаққа проекция жасасақ, уақыттың ауысуы бұл шығындарды айтарлықтай арттырады, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде. Қараңғы уақыттың ұзақтығының артуы халықты жарықты ертерек қосуға мәжбүрлейді, бұл электр энергиясын тұтынудың өсуіне және қосымша шығындарға әкеледі», – деді петиция авторлары.

"Пайда болған басқа мәселелердің қатарында адамның биоритмдері мен жұмыс, оқу және демалыс кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық жайсыздығы, бұл жұмыс қабілетінің төмендеуіне және ұйқы сапасының нашарлауына әкелгені көрсетілген», – делінген петиция сипаттамасында.

Шешуші саналатын елу мыңыншы қол петицияға 7 маусымда жергілікті уақыт бойынша 17:04-те қойылды.

 
 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар