Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

+30: Қазақстанда қай өңірлерде күн күрт жылынады? 

20:17, 25 наурыз 2026
 

Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы күрт көтеріледі. Елдің оңтүстік өңірлерінде +30 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Alash.KZ.

"Қазгидромет" ұсынған дереккке сәйкес, сонымен бірге батыс аймақтарда найзағайлы жаңбыр күтіледі, ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр болжанып отыр. 

Елдің басым бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен жекелеген өңірлерде жауын-шашын болады: 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады, – делінген 25 наурыздағы метеоболжамда.

Синоптиктердің айтуынша, күндізгі ауа температурасы елдің басым бөлігінде айтарлықтай көтеріледі:

  • батыс және солтүстік-батыста: +15…+25
  • солтүстік пен шығыста: +10…+17
  • орталықта: +13…+24
  • оңтүстікте: +21…+30
  • оңтүстік-шығыста: +18…+27
  • оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында: +10…+15
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар