Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иранға қарсы соғыста Америка қанша әскерінен айырылып, қаншасы жараланды?

19:00, 25 наурыз 2026
 

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы кезінде шамамен 300-ге жуық америкалық әскери қызметкердің жараланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.KZ.

АҚШ Орталық қолбасшылығы өкілі қақтығыс кезінде жарақат алған 290 сарбаздың 255-і қызметке оралғанын айтты. Ал 10 америкалық әскери қызметкер өте ауыр жараланған. Осыған дейін қақтығыс пен әуе шабуылдарынан кемі 200 адам жараланып, 13-інің қаза тапқаны хабарланған еді.

Осы аптаның басында Иран Қарулы Күштері Хатам аль-Анбия орталық қолбасшылығының баспасөз хатшысы Эбрахим Золфагари АҚШ әскері Иранға қарсы агрессия кезінде қаза болғандар мен жараланғандардың нақты санын жасырып отырғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаны белгілі. Иранның ірі қалалары, әсіресе ел астанасы Тегеран да соққының астында қалды. Содан кейін Иран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар