Павлодарда ата-анасынан жүктілігін жасырған студентке жаңа туған сәбиінің өліміне байланысты үкім шығарылды, – деп хабарлайды Alash.KZ сайты.
Іс материалдарына сәйкес, бойжеткен жүктілігін толық мерзім бойы ешкімге айтпаған. Өткен жылдың қазан айында ол студенттік жатақхананың жуынатын бөлмесінде қыз баланы дүниеге әкелген.
Босанғаннан кейін психологиялық күйзеліске түскен студент нәрестенің жылаған дауысынан қорқып, оны сүлгіге орап, тыныс алуына кедергі келтірген. Соның салдарынан сәби көз жұмған.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жалғыз қалудан және туыстарының сөгісінен қорыққанын айтқан.
Сот оның әрекетін Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша саралап, екі жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған бірқатар шектеулер қойылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту міндеттелді.
"Сүлгімен тұншықтырып өлтірген" - Павлодарда жатақханада босанған студент қызға үкім шықты
"Бүгіннен бастап қызметін тоқтатады". Төреғалидің сахнаға шығуына тыйым салынды
20:54, 20 маусым 2026
"Жанармай бекетінің басшысы ұсталды". Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам қаза тапты
17:11, 20 маусым 2026
«Шаңыраққа қарап, қазақша сөйлеңіздер»: Әлішер Кәрімов халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)
13:47, 20 маусым 2026
«8 баланың анасы өртеніп кетті»: Шымкент іргесінде жантүршігерлік оқиға тіркелді (ВИДЕО)
11:56, 20 маусым 2026
«Қазақмыстың» қолдауымен: Ustaz Ulytau жобасы өңірлердегі 85 мектептің басын қосты
11:05, 20 маусым 2026
«Оқушысын өз пәтерінде күштеп ұстап, зорлаған»: Ақтөбелік мұғалімге сот үкімі шықты
18:04, 19 маусым 2026