Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өз өзіне қол жұмсаған" - Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

11:04, 25 наурыз 2026
 

Ақмола облысындағы Ақсу кеніші учаскесінде қаза тапқан жұмысшының денесі табылды. Оқиға жазатайым жағдай ретінде тіркелген, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Orda.kz порталына сілтеме беріп.

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 24 наурызда «АК Алтыналмас» АҚ заңгерінен Ақсу кенішінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен.

«Жазатайым оқиға фактісі бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті арнайы тергеу тағайындады»,  деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, полиция бұл дерек бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғады.

«Өз өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға себептері мен мән-жайы анықталып жатыр»,  деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар