Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Израильдің Каспийдегі әскери-теңіз нысанына жасаған соққысы Ресейдің Иранға соғыста көрсетіп отырған қолдауына қарсы бағытталған.
Шабуыл барысында тараптар оқ-дәрі, дрондар және басқа да қару-жарақ тасымалдау үшін пайдаланған деп болжанған жеткізу желісі нысанаға алынған.
Израиль әскери-теңіз күштерінің бұрынғы қолбасшысы Элиэзер Марум бұл соққының басты мақсаты Ресейден келетін жеткізілімдерді шектеу және Иранға Каспий теңізінде қорғаныс мүмкіндігінің әлсіз екенін көрсету болғанын айтты.
Израиль әскери күштері өткен сәрсенбі күні Бендер-Әнзәли портына жасалған шабуыл барысында ондаған нысанға соққы тигенін мәлімдеді. Олардың қатарында әскери кемелер, порт инфрақұрылымы, командалық орталық және кемелерді жөндеуге арналған верфь болған.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Каспий теңізінде Ресей қаруы тиелген кемелерге Израиль соққы жасады деген ақпаратты растайтын деректер жоқ екенін айтқан.