Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көгеріп қалған»: Шымкенттегі ойын орталығында бүлдіршінді ересек әйел соққыға жыққан (ВИДЕО)

19:16, 24 наурыз 2026

Шымкент қаласындағы балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының бірінде бүлдіршіндер арасындағы келіспеушілікке ересек адам араласып, соңы жанжалға ұласты, деп жазады Alash.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ұл баланың анасы қарсы жақтағы қыз баланы шымшып, оған күш көрсеткені анық көрінеді. Бұл оқиға қоғам белсенділері мен желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Оқиғаның мән-жайына сүйенсек, алдымен екі баланың арасында өзара түсініспеушілік туындаған. Алайда жағдайды реттеудің орнына ұл баланың анасы іске араласып, қыз баланы итеріп, дене жарақатын салған. Куәгерлердің айтуынша, қыздың әпкесі сіңілісін қорғап, алып кетпек болғанымен, әйел адам олардың соңынан қуып барып, өз баласына қызды ұрғызуға талпынған.

Зардап шеккен бүлдіршіннің анасы бұл жағдайға байланысты тиісті органдарға шағымданғанын жеткізді.

Ол өз сөзінде: «Қызымды үлкен әйел ұрды. Аяқтары көгеріп қалды. Экспертизадан өттік», - деп мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта баланың денсаулығына келтірілген зиянды анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама нәтижелері күтілуде.

Желі қолданушылары аталған оқиғаға қатысты қатаң шара қолдануды талап етіп отыр. Көпшіліктің пікірінше, ересек адамның балалар арасындағы ойынға мұндай агрессивті түрде араласуы заң алдында жауапсыз қалмауы тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар