Колумбияның оңтүстігіндегі Путумайо аймағында болған әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті. Бұл туралы Пуэрто-Легисамо қаласының мэрі Луис Эмилио Бустос мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бортында 128 адам болған Колумбияның Әуе-ғарыштық күштеріне тиесілі C-130 Hercules әскери-транспорт ұшағы Пуэрто-Легисамодан Пуэрто-Асиске бағыт алған. Алайда әуе кемесі ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.
Қала әкімінің айтуынша, оқиға орнында болған жергілікті тұрғындар бірқатар адамды құтқарып үлгерген. Соның нәтижесінде аман қалғандар саны артқан.
Колумбия президенті Густаво Петро ұшақтың 40 жылдан астам уақыт пайдаланылғанын атап өтті. Оның сөзінше, әуе кемесі елге бұрынғы президент Иван Дуке басқарған кезеңде сатып алынған.
"Қаза тапқандар 68-ге жетті" - Колумбиядағы әскери ұшақ апатына қатысты тың дерек
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026