Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нығматуллиндерге қатысты зауыт тоқтады: 400-ден астам адам жұмыссыз қалды

17:17, 25 наурыз 2026
Қарағандыдағы Нығматуллиндер әулетіне қатысты YDD Corporation ферроқорытпа зауыты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Кәсіпорында 528 адам еңбек еткен. Соның 442-сі зауыттан кеткен.

Министрлік мәліметінше, 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы наурызға дейін кәсіпорында экономикалық себептерге байланысты мәжбүрлі тоқтап тұру режимі енгізілген. Бұл кезеңде жұмысшыларға орташа жалақының 50%-ы төленеді.

Қазіргі таңда:

– 55 қызметкер ғана жұмысын жалғастырып жатыр

– 134 адам басқа кәсіпорындарға орналастырылған

– 33 адам басқа компанияға ауыстырылған

– 31 адам 50% жалақымен бос тұр

– 275 адам жұмыстан кеткен

Жұмыстан шыққандардың басым бөлігі қайта жұмысқа орналасқан, бір бөлігі жұмыссыз ретінде тіркелген.

Зауыттың тоқтауына электр энергиясы тарифтерінің күрт өсуі себеп болған. Соңғы жылдары тариф бірнеше есе өсіп, өндіріс шығынының 70%-ға жуығы электр қуатына кететін болған.

Қазіргі уақытта кәсіпорын инвестициялық тариф алуға өтініш берген, мәселе қаралуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар