Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Нағыз халықтың адамы»: Мақпал Жүнісованың әрекеті елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

19:59, 24 наурыз 2026

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың концерттен кейінгі грим бөлмесінде жанкүйерлерімен кездескен сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Әнші өзіне көрсетілген құрметке жауап ретінде жанкүйерлеріне дастарқандағы дәмнен сарқыт беріп, қарапайымдылық танытты.

Бейнежазбада фанаттардың артиске деген шынайы ілтипаты мен махаббатын білдіріп жатқан сәттері бейнеленген. Мақпал Жүнісова тек жылы лебізбен шектеліп қалмай, өзіне арнап дайындалған дастарқандағы кәмпиттерді, жемістер мен жаңғақтарды пакетке салып, жиналған қауымға үлестіріп берді. Желі қолданушылары бұл әрекетті қазақтың байырғы дәстүрінің заманауи форматтағы көрінісі деп бағалады.

Әлеуметтік желідегі пікір қалдырушылар өнер иесінің халықпен жақындығын және ешқандай жасандылықсыз көрсеткен шынайылығын жоғары бағалап жатыр. 


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар