Кәсіби боксшы, WBA бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.KZ.
Қанат Ислам жасөспірімдер құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижелерді жақсартуға үлес қосатын болады. Ол кәсіби бокста WBA Fedecaribe чемпион титулын иеленген.
Ал еркін стилдегі мансабында Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының жүлдегері.