Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды, деп жазады Alash.KZ.
Нұрлан Байбазаров қаржы-экономика саласында мол тәжірибеге ие. Еңбек жолын 1997–2003 жылдары Қаржы министрлігінде бастаған.
Әр жылдары Қазақстанның Даму банкінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған: жобаларды агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры және корпоративтік хатшы болған.
2013–2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Кейін Өнеркәсіпті дамыту қорының, Қазақстанның Даму банкінің және «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың ақпанында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалып, сол жылдың желтоқсанына дейін осы қызметте болды.
2025 жылдың қазан айынан бастап Президент әкімшілігінде инвестициялар және сауда бөлімін басқарған.
Президент Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды
"Қаза тапқандар 68-ге жетті" - Колумбиядағы әскери ұшақ апатына қатысты тың дерек
09:42, 25 наурыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
20:56, 24 наурыз 2026
«АҚШ-пен ешқандай да келіссөз жүргізіп жатқан жоқ»: Иран билігі тосын мәлімдеме жасады
17:44, 24 наурыз 2026
«Ауыр дене жарақатын салған»: Атырау түрмесінде жазасын өтеп жатқан азамат қаза болды
16:40, 24 наурыз 2026
“Заңсыз интернет-казино ұйымдастырған”: Қазақстандық танымал блогерге іздеу жарияланды
13:17, 24 наурыз 2026