Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"30 жыл өтті? Не өзгерді? Әлі қорланып отырмын. Бұл елде қазақ тілінде сөйлеу үшін де күресу керек" - ақын Танагөз Толқынқызы

15:16, 24 ақпан 2026

Белгілі ақын, азаматтық ұстанымын ашық білдіріп жүрген қаламгер Танагөз Толқынқызы әлеуметтік желіде қазақ тілінің тағдырына қатысты толғанып, оқырманға ой салар естелік жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақын жазбасында отыз жыл бұрынғы бір оқиғаны еске алады. Стоматолог тісті жұлуға болмайтынын, емдеу қажет екенін айтып, ауыр процедураға дайындайды. Нервті алу сәтіндегі жанға бататын азапты ол соғыс даласында жарадан оқ алғанмен салыстырады. Қолындағы орамалды қыса ұстап, қорқыныш пен ауырсынуды үнсіз көтерген сәтін әсерлі сипаттайды.

Процедура аяқталған соң, дәрігер жұлынған нервті көрсетіп, енді ауырмайтынын айтады. Ал ақын болса, қорқыныштан алақаны тершіп кеткенін аңғарады. Сол кезде ешкімге «футбол добындай теуіп» жіберілмегеніне, түсінбейтін тілде артық сұрақ қойылмағанына шүкір айтып, интернатқа қайтқанын жазады.

Осы естеліктен кейін қаламгер бүгінгі күнге ой тастайды. Оның айтуынша, арада 30 жыл өтсе де, қазақ тілінде сөйлеу құқығы үшін әлі де күресуге тура келеді. «Ұлт ретіндегі ең қарапайым базалық құқығымыз – ана тіліміз. Ұлттық идентификациямыз, жадымыз, жанымыз – бәрі тілде. Оны бізден айыруға ешкімнің құқы жоқ», – дейді ол.

30 жыл өтті? Не өзгерді? Қазақ тілінде сөйлеу үшін де күресу керек екен бұл елде. Ұлт ретіндегі ең қарапайым базалық адами құқың! Өзгемен терезеңді тең ететін ұлттық идиентификацияң! Бүкіл ұлттың жады, жаны, гені – оның ана тілінде! Оны бізден айыруға ешкім құқық берген жоқ! 30 жыл бұрын да қорланып едім! Әлі қорланып отырмын! Біз сонда қорланып өту үшін жаратылған ұлтпыз ба?

Ақын қоғамдағы тіл мәселесіне қынжылысын жасыра алмай, «30 жыл бұрын да қорланған едім, әлі де сол күйдемін» деп жазады. Оның бұл толғанысы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар