Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы Олжабай батыр көшесі мекенжайы бойынша автокөліктің жануы туралы хабарлама келіп түскен.
– Келген өрт сөндірушілер жедел сөндіруге кірісіп, жарылысқа жол бермеді, – деді департаментте.
Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері мен ТЖД АМО бригадасы зардап шеккен 5 адамға, оның ішінде әйел мен күйік шалған жүргізушіні қарап, оларға көмек көрсетіп, балаларымен бірге ауруханаға жеткізді.
Төтеншеліктер тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.