Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«2 адам қаза тауып, 4 адам ауруханада жатыр»: Каспий теңізіндегі апатқа қатысты ел естімеген дерек шықты

16:23, 03 қыркүйек 2026

Каспий теңізінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін серуендеу катерінің аман қалған төрт жолаушысы ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің қазіргі денсаулық жағдайына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақтаудағы Облыстық көпбейінді аурухана өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендердің үшеуі травматология бөліміне ауыстырылған.

«Бұған дейін реанимацияда жатқан 1988 және 2002 жылы туған екі азамат травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Олардың денсаулығы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Ал 1964 жылғы азамат әлі де реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр. Төртінші пациенттің, өзгелермен салыстырғанда, жағдайы тұрақты», – деді аурухана дәрігерлері.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 30 тамыз күні кешке орын алды. Бортында жеті адамы бар серуендеу катері су айдынында жартасқа соғылып, салдарынан екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Көлік қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар