Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 сарбазды өлтірген Челах Тоқаевтан істі қайта қарауды сұрап отыр

21:48, 01 маусым 2022 277
 


Биыл наурызда Владислав Челах Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі куә болған, бірақ сотта айта алмаған жайттарды баяндап, хат жазған.

Бұл туралы Orda.kz «Радио Азаттықа» сілтеме жасап хабарлайды.

12 парақтан тұратын хатта Челах президенттен істі қайта қарауды сұрайды.

Қарағандылық Владислав Челах сот үкімі оқылған кезде 20 жаста болған. Ол әскерге барардың алдында кәсіби лицейде «тепловоз машинистінің көмекшісі» мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы қарашада әскерге шақырылған. Жақындарының айтуынша, Владислав әскери борышын шекара қызметінде өтегісі келген. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрамын деп жоспарлаған.

Челах 2013 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтарға арналған «Қара бүркіт» деп аталатын мекемеде жазасын өтеп жатыр. Сот процесінен кейін Владиславтың анасы Ресейге көшіп кеткен. Қаза тапқан шекарашылардың отбасы да жан-жаққа тарап, ақпарат құралдарымен байланысын үзген. Кейінгі жылдары көп ақпарат жасырын болғандықтан, Челахтың туыстары журналистерге сұхбат беруді қойған.

Тергеушілердің дерегінше, шекара қызметінің жауынгері Челах «ішкі келіспеушіліктерге» байланысты қолына қару алып, әріптестерін қырып салған. Бірақ айыпталушының жақындары бұл нұсқаға сенбейді. Олар Владиславтың «Шекара қызметінде жүргеніме қуанамын. Бұл жақ өте әдемі: бір жағынан Қытайдың, екінші жағынан Қазақстанның таулары көрініп тұрады» деп жазғанын еске алады.

Биыл наурызда Владислав Челах Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі куә болған, бірақ сотта айта алмаған жайттарды баяндап, хат жазған. 12 парақтан тұратын хатта Челах президенттен істі қайта қарауды сұрайды. Владиславтың жақындары да президенттен, бас прокуратурадан, жоғарғы сот пен парламенттен көмек сұраған, бірақ мемлекеттік органдар хат қабылданғаны жөнінде хабарлама жіберумен ғана шектелген.

29 наурызда Владиславтың атасы Владимир Челах немересін көруге түрмеге барған. Жақындары онымен жылына үш рет екі сағаттық қысқа кездесуге барып, түрмеге үш рет сәлем-сауқат жібере алады. Владиславқа таксофон арқылы туыстарымен сөйлесуге рұқсат берілген. Атасының айтуынша, Челах түрмеде Қылмыстық кодексті жаттап алған, метеорологтың оқуын тәмәмдаған. Атасы жіберген кітап бойынша грек тілін үйренген. Владислав бос уақытында кітап оқып, шығармашылықпен айналысады: қамыр мен бояудан әртүрлі бұйымдар жасайды, сурет салады.
– Бекем болуға тырысып, үмітін үзбей келеді. Бірақ жақындарымен кездесуден кейін жылап қалатынын естідік. Сондықтан туыстары ауырып қалса, айтпаймыз. Ай сайын ақша жіберемін. Ол дәмді тағам, шығармашылыққа қажетті заттар сұрайды, кейін жасаған дүниелерін бізге жібереді. «Ата, жасаған жақсылығыңның өтеуін осылай ғана қайтара аламын» деп айтады, – дейді Владимир Челах.

Сот үкіміне сәйкес, Челах қаза тапқан төрт шекарашы мен қорықшының отбасына бес миллион теңгеден төлеуі керек. Қалған жәбірленушілер материалдық өтемақыдан бас тартқан. Одан бөлек, тұтқын әскери бөлімге келген залал мен сот сараптамасының шығынын (жалпы сомасы – 800 миллион теңге) өтеуге міндеттелген. Атасының сөзінше, Владислав «Ешкімді өлтірмедім, сондықтан ешкімге ақша беруге міндетті емеспін» деп, өтемақы төлеуден бас тартқан.

Владимир Челах немересін көріп, тергеуге қатысу үшін әскери бөлімге барғанында Владиславтың аяғы түгел көгергенін, тырнақтары дәкемен оралғанын, бүйрегі ауырып отырғанын көрген. Кейін Владислав бүйрегін үш жыл бойы емдеткен. Атасы «Немеремді бүйрегінен әбден тепкілеген» дейді.




Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар