Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«136 мың бас малды апатты аймақтан аман алып шықтық» - Ауыл шаруашылығы вице-министрі

11:26, 13 мамыр 2024 793

Алайда біз мұндай жақсы жаңалықты айтудың орнына, өлген 8600 малды айта береміз.

 

Қазақстандық саясаткер Жигули Дайрабаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі «Qasqa Jol» ютуб-арнасының кезекті шығарылымында қонақта болып, ауыл шаруашылығы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды alash.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Аманғали Бердалиннің айтуынша, тасқынға дейін де, одан кейін де жүргізілген жұмыстардың қарасы көп. Алайда олар көп айтыла бермейді.

Төтенше жағдай болғаннан кейін Президент дереу тапсырма берді. Соған сәйкес Үкімет басшысы өзі штабты бастады. Ауыл шаруашылығы министрі сол штабқа мүше болды. Осындай шаралардың арқасында 136 мың бас малды апатты аймақтан алып шықтық. Бұл - cол ауылдың азаматтары мен белсенділер болып жасаған жұмыстың нәтижесі. Алайда біз мұндай жақсы жаңалықты айтудың орнына, өлген 8600 малды айта береміз. Қазір шығынды өтеу жұмыстары басталып кетті. Нарықтық ақшамен халыққа 591 млн теңге берілді. Бұл келтірілген шығынның 51%-ы. Бұдан бөлек басқа облыстар бюджеттен тыс ақша бөлді. Апат болғаннан кейін оның салдарын жою керек. Бұл жердегі негізгі назар аударатын мәселе сол. Мәселен өлген малдың 98%-ы дер кезінде көмілді. Болмағанда олар түрлі ауру тудыратын еді. Одан кейін басқа жағдайларды айтпағанда сібір жарасы көмілген қорымдарды жылдам бақылауға алдық. Қазір жағдай тұрақты. Өлген малды жинап шығудың өзі үлкен шаруа. Осы орайда үйде жатып алып ақыл айтатындар да көп. Олар елді бірлікке шақырудың орнына іріткі тудырды, деді ол. 

Жигули Дайрабаев малын тіркемейтіндер мен өтірік есеп беретін әкім-қараларға шүйлікті. Оның сөзінше, барлығының дұрыс есебін беру алдымен өздеріне кейін мемлекетке пайдалы.

Мемлекеттік тәртіп болуы керек. Малшы тірлігіне тиянақты болып, қысқа да басқасына да дайын отыруы алдымен өзіне керек. Тәуелсіздік алған жылдары Ауыл шаруашылығы саласын біраз ақсатып алдық. Қазір жөнсіз жасалған реформалардың нәтижесін көріп отырмыз. Жалпы малды тіркеу дұрыс, есеп керек. Қай сала болмасын есеп пен статистиканың орны маңызды. Қазір популистер өте көп. Бүгінгі таңда статистика туралы заңға өзгеріс енгізіп жатырмыз. Өтірік цифр мен жалған ақпараттан аулақ болуымыз керек. Мәселене, біз жылына 5-5,5 млн тонна сүт өндіреді екенбіз. Оның жартысынан көбі жалған ақпарат. Облыс, аудан әкімдеріне оң көрсеткіш керек, сол үшін осы уақытқа дейін өтірік цифрмен келдік. Осы орайда барлығын жөнге келтіру маңызды. Қазір атқарушы орындардың барлығына статистиканы түгендеуге тапсырма берілді. Нәтиесінде мәжілісте бюро басшысы Солтүстік Қазақстан облысында мал саны бұрынғысынан 41%-ға қысқарғанын айтты. Сыртқа жаман көзбен көріне берсек те бір реттілік керек, деді Жигули Дайрабаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар