Белгілі журналист Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқанға қолдау көрсетіп, желіде жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Отырған жерімде танымайтын адамдар менімен алдымен фотоға түсіп алып, ел ішінде тараған өсектердің рас, өтірігін сұрай бастайды. “Анау ажырасыпты ғой, иә? Мынау ананың тоқалы екен ғой, рас па?” деп… осындайға менде бір ғана жауап: білмеймін, естімедім! Бітті! Мөлдірдің жалғыз екенін ұзынқұлақ жеткізсе де, өзінен көріскен жерде сұрамаппын. Фильм түсіріп, ән айта бастаған кездерде өзі бір дастарханда айтып қалмайынша сенбедім.
Менің Астанаға көшкеніме биыл 10 жыл. Мөлдірдің күйеуіне қалтқысыз қызмет еткенін көзбен көргеніме тура осы уақыт. Оның үндемей жүріп, іштей өлген Мөлдір болғанына 14 жыл екен ғой! Мен кеше осыны ойладым. Әйелді осындай “екіжүзді” болуға мәжбүрлейтін не? Намыс! Отбасына ие болайын, қайтып келер деген үміт. Ұрпақ алдында, ел алдындағы жауапкершілік. Жанкештілік.
Мөлдір кешегі сұхбатта 20 жастағы кіршіксіз махаббатын, жастығын, жиырма жылдық ғұмырын жоқтап отырды. Жерлеп келді. Ол “Мөлдір” өлді деп отыр бізге.
Екеудің арасына есі кеткен түседі дейді. Бірақ, бұл екеу бізге аяулы сіңілі, өзім деген бауыр ғой! Екеуін де білген соң, қайтейін…
Ешкімнің жағында емеспін. Жүрегім ауырды. Сен қолыңнан келгеннің де, келмегеннің де бәрін жасадың, Мөлдір!
Балаларың жеткізеді. Телефон блоктағынның басы…б..та! Ал сен осы жерден тоқта! Өмір мұнымен бітпейді. Алға, Мөлдір!», - деп жазды Дана Нұржігіт.