Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңызды жаңалық! 2026 жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады?

21:29, 02 қараша 2025 1062

2026 жылдан бастап елімізде зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Сенатқа Мәжіліс қабылдаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті.

Құжатқа сәйкес, зейнеткерлік жасқа байланысты төленетін және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат көлемін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 пайызға арттыру деп жоспарланып отыр.

Заң бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерге келесі көрсеткіштер белгіленеді:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар