Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1 млрд теңгенің дәрісін алды

13:53, 06 мамыр 2022 275
 



«Қазақстан халқына» қоры Қазақстанда тіркелмеген тағы бір қымбат тұратын «Онасемноген абепарвовек» (Золгенсма) препаратын сатып алды.

Препаратты өндіруші Novartis жеткізген.

Жұлын бұлшықетінің атрофиясымен туылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрінің тұнбасы берілді. Қазір сәби анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін қыздан биоматериал алынған, ол балаға жеке дәрі жасау үшін Novartis компаниясына жіберілген.

Еске салсақ, қор бұған дейін СМА ауруына шалдыққан балаларға арналған 4 Zolgensma препаратын сатып алған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндіруші компанияның хаттамасына сәйкес, оның негізінде 2 жасқа дейінгі балаларға Золгенсма инфузиясы жүргізілетін медициналық мекемені анықтады. Ол бұл қызметті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің бір бөлігі ретінде көрсетеді.

Ана мен бала медициналық орталығы базасында «СМА емдеу» көпбейінді тобы құрылып, қазақстандық мамандарға Золгенсманы қолдану бойынша 2 оқу курсы өткізілді.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар