Ұшақ апатының куәгерлері ұшақтың тұрғын үйлердің үстіне құлауы мүмкін екенін айтқанымен, ұшқыштар қайғылы оқиғаның алдын алды, деп жазады Alash.KZ.
«Экипаж ерлікпен ұшақты тұрғын ауданнан алып кетті. Бұдан да көп құрбан болуы мүмкін еді», - дейді жергілікті тұрғындар.
Апат Ақтау әуежайының маңында, Сайын ауылынан алыс емес жерде болған.
Бейнебаянда бұдан да үлкен қайғылы оқиғаның алдын алған тәжірибелі ұшқыштардың суреттері көрсетілген.
Желіде апатқа ұшыраған ұшақ ұшқыштарының суреті тарады.
Олардың бірі Баку еуропалық лицейінің түлегі Александр Калянинов екен.
Ал ұшақ капитандарының бірі Игорь Кшнякин.
Мәліметтерге сүйенсек, Александр Калянинов Баку еуропалық лицейінің түлегі. Калянинов оқып жүрген кезде Түркиядан алғыс хат жіберілгені де айтылды.
Апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағының капитаны Игорь Кшнякин әуеде 15 мың сағаттан астам ұшқан. Оның 11,2 мыңға жуығы капитан лауазымында екен. Бұл туралы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.