Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үш жылдық мораторий енгізу… Жоспардан тыс тексерулер тым көбейді» - Президент

12:01, 28 қазан 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы болып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы:

«Қалай болғанда да, мемлекет біздің экономикамыздағы маңызды тапсырыс беруші болып қала береді.

Сондықтан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына шағын және орта бизнесті тарту тәсілдерін жетілдіру қажет.

Сатып алынатын көлемнің бір бөлігін шағын және орта кәсіпорындар үшін резервте қалдыруға болады.

Бұл ретте өнім берушілерге қойылатын талаптарды жұмсарту қажет. Кәсіпкерлер үшін тұрақты «ойын ережелерін» қамтамасыз ету төтенше маңызды.

Мемлекеттік бақылау айтарлықтай либералды, бірақ оның кәсіпорындардың жұмысына әсері айыппұлдар, жоспардан тыс тексерулер және шоттарды бұғаттайтын камералдық бақылау арқылы сақталып отыр.

Мұндай әсерді оң деп айтуға мүлдем болмайды.

Бір қарағанда, тек бірінші жартыжылдықта жеке кәсіпкерлер тарапынан жіберілген құқық бұзушылықтар саны 34 пайызға азайған сияқты.

Бірақ бұл ретте айыппұлдар сомасы деңгейі ге 11 пайызға жуық өсті, ал жоспардан тыс тексерулер ондаған есе көбейді.

Сонымен бірге іскерлік белсенділікті талдау мынаны көрсетеді: бизнеске жай өзіне кедергі жасамаса да жеткілікті.

Осы тұрғыда 2020-2023 жылдардағы микро және шағын бизнесті тексеруге енгізілген мораторий тәжірибесі пайдалы. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті.

Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, алдыңғы мораторийдің барлық оң және теріс аспектілерін ескере отырып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезекті үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын.

Бұл қадамды бақылау-қадағалау жүйесін қайта жүктеу және реттеудің цифрлық моделіне көшу үшін стратегиялық үзіліс ретінде қарастырған жөн».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар