Ұлыбритания соты Брэдфордта 14 жастағы қызға төрт жыл бойы сексуалдық зорлық көрсеткен 15 ер адамды жиынтығы 188 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Alash.KZ
Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл оқиға аймақтағы балаларды сексуалдық қанаудың ең ұзаққа созылған істерінің бірі.
Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстар 2007-2011 жылдар аралығында жасалған. Төрт жыл ішінде топ құрбанын 88 рет зорлаған. Қызға зорлық жасалған кезде 14 жаста болған. Қылмыс жайлы 2015 жылдың қарашасында ғана белгілі болды. Сол кезде полиция қызды жоғалғандар туралы бірнеше рет арыз түскен тізімнен анықтаған. Ресми тергеу 2016 жылдың ақпанында басталған.
Қазір зардап шегушіге 33 жас. Ол өзінің сөзінде қылмыскерлер оның балалығын және өмірінің 20 жылға жуық уақытын тартып алғанын, зорлықтың салдары өмір бойы қинайтынын айтты.
Сот үкімдеріне келетін болсақ:
1. Ханнан Миа, 40 жаста – 4 эпизод бойынша зорлау үшін 12 жыл
2. Асиф Будия, 43 жаста – 4 зорлау үшін 13 жыл
3. Абдул Басит, 44 жаста – 4 зорлау және зорлауға қастандық үшін 13,5 жыл
4. Бурхан Уддин Али, 39 жаста – 4 зорлау үшін 13,5 жыл
5. Мұхаммад Ясир, 40 жаста – зорлау үшін 10 жыл
6. Мохаммед Надим Али, 42 жаста – 4 эпизод бойынша зорлау үшін 13 жыл
7. Джамеель Ахмед, 35 жаста – 4 эпизод бойынша зорлау үшін 8 жыл
8. Амджад Хусейн, 39 жаста, Кигли – 5 эпизод бойынша зорлау үшін 10 жыл 5 ай
9. Ашфак Ахмед, 38 жаста, Галифакс – 2 зорлау үшін 12 жыл
10. Афтаб Ахмед, 37 жаста – 3 зорлау үшін 11 жыл
11. Анвар Азиз, 36 жаста – 14 зорлау үшін 15 жыл
12. Юсуф Бхатти, 40 жаста – 8 зорлау үшін 17 жыл
13. Фейсал Рашид, 37 жаста – 10 зорлау үшін 15 жыл
14. Омар Тадж, 39 жаста, Батли – 12 зорлау үшін 15 жыл
15. Шахинул Хак, 39 жаста – зорлау үшін 10 жыл
Брэдфорд округі полициясының мәліметінше, тергеу ұзақ әрі күрделі болған, бірнеше сот процесі өткен. Бас инспектор Вики Гринбанктың сөзінше, құқық қорғаушылар шығарылған үкімдерді құптайды және сот шешімі зардап шегушіге жеңілдік пен әділеттілік сезімін беретініне үміттенеді. Ол әйелдің тергеу мен сот процесі барысында көрсеткен батылдығы мен қайсарлығын да атап өтті.