Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова 91 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz порталы «Адырна»-ға сілтеме беріп.
Марқұмның жаназасы бүгін, 11 маусымда Алматыдағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы мешітте шығарылады.
Айман Қабиденқызы 1936 жылдың 14 наурызында туған. Ол – Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа бауырына салған Шолпанның қызы. Қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде 1 жыл 7 айына дейін нағашысы атасы Ахмет пен әжесі Бадрисафа, өзінің әке-шешесімен бірге тұрған.
Арнайы кәсіптік училищені тігінші мамандығы бойынша бітірген. Медицина саласында зертханалық курстан өтіп, 37 жыл бойы зертханашы болып жұмыс істеген. 1993 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Атасы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттауға арналған республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатысып келген.
«Еңбек ардагері» (1990) және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» (2015) мерекелік медальдарымен марапатталған.
Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы өмірден озды
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026