Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысты: үш адам қаза болды, жеті адам жарақаттанды

09:13, 11 маусым 2026

Ақтөбе – Астрахань тасжолында үш көлік соқтығысып, үш адам қаза болды, жеті адам жарақаттанды, деп жазады Alash.KZ.

Жол апаты 9 маусымда сағат 15:20 шамасында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының маңында болған.

Алдын ала мәліметке қарағанда, DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан. Соққыдан кейін жеңіл көліктердің бірі өртенген.

Жол апатының салдарынан екі адам оқиға орнында қаза болды. 8 адам ауруханаға жеткізілген. Кейін науқастардың бірі ауруханада көз жұмды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар