Атырауда қайын жұртының бірнеше мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп жазады Alash.KZ
Бүгінгі сот отырысында қаза болған Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты жайттар сөз болды. Журналист Алмат Қабдол сот залынан әлеуметтік желідегі парақшасында тың дерек бөлісті.
«Сот барысында күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген бейнежазбаны тамашалады. Тергеу деректеріне сәйкес, марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны анықталған. Бұл жайт бейнежазбада анық көрінеді. Судья видео түсіруге және оны жариялауға рұқсат берген жоқ», – деп жазды ол.