Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«ҚАЗАҚСТАН - ЧЕМПИОН!
Түркияның Стамбул қаласында Ұлттық спорттың байрақты бәсекесі FETIH KUPASI екінші нысанасы Түрік путасы (50 метр) бойынша жарыс аяқталды!
Сүйінші ағайын! Қазақтың спортшылары ЖЕҢІМПАЗ!
Ерлер арасында Түрік путасы нысанасы бойынша:
1-орын Жәнібек Саламатұлы
3-орын Марат ЛұқпановӘйелдер арасында Түрік путасы нысанасы бойынша:
3-орын Сабира Жаппар.
40 елден 500-ден астам садақшы қатысқан FETIH KUPASI жалпы командалық есептегі жеңімпазы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрамасы!
Қазақ елі, Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде, Дәстүрді садақ атудың жанкүйері ретінде баршаңызды құттықтаймын! Садақшыларымызға, жаттықтырушыларымызға, біздің федерацияның бастамаларын қолдаған ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс айтамын. Сұрмергендерімізге жанкүйер болыңыздар!»,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.