Украина президенті Владимир Зеленский Қорғаныс министрлігінің жұмыс форматын өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеп, қорғаныс министрі қызметіне цифрлық трансформация министрі әрі вице-премьер Михаил Федоровты ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Зеленский кешкі бейнеүндеуінде жариялады.
«Қорғаныс министрлігінің жұмыс форматын өзгерту туралы шешім қабылдадым. Жаңа қорғаныс министрі қызметіне Михаил Федоровты ұсындым», — деді Украина президенті.
Зеленскийдің айтуынша, қазіргі қорғаныс министрі Денис Шмыгаль командада қалады, алайда оған басқа бағытты басқару ұсынылады.
Президент Федоровты таңдаудың себебін де түсіндірді. Оның сөзінше, Михаил Федоров дрондар бағыты бойынша мәселелермен жіті айналысып жүр.
«Әскерилермен, әскери басшылықпен, ұлттық қару-жарақ өндірушілермен және Украинаның серіктестерімен бірлесе отырып, қорғаныс саласында бізге көмектесетін маңызды өзгерістерді жүзеге асыруымыз керек», — деді Владимир Зеленский.