Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үйлерде жарықшақ пайда болды" - Алматыда 40 қабатты кешеннің құрылысы тоқтатылды

18:26, 28 тамыз 2025 238

Алматыда 40 қабатты даулы RAMS кешенінің құрылысы тоқтатылды, деп жазады Alash.KZ.

Алматыда тұрғындардың шағымынан кейін Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы RAMS Beyond Almaty кешенінің құрылысы тоқтатылды.

Журналистер жариялаған видеода қала құрылысын бақылау басқармасының өкілі 20 тамызда тексеріс ашылғанын айтады. Тапсырыс беруші компания өкілдері құрылыстың заңдылығын алға тартқанмен басқарма өкілі бірқатар тексеріс құжаттарын көрсетпегенін айтады.

Бұған дейін сол аумақта тұратын тұрғын үй кешен тұрғындары құрылыс аумағында шұңқырды тереңірек қаза бастағаннан кейін жерасты суы көтеріле бастағанын айтып алаңдаған.

Кейбірінің сөзінше, кейбір жерде және бірнеше үйде жарықшақ пайда болған. Жуырда осы құрылыс жобасына қарсы петиция да пайда болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар